Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды
Амал мерекесіне орай бүгін А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында "Төрткүл Ханзадасы" ертегісі және "Наурыз думан" балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақын Сәнтөре Пірмановтың тарихи аңыз негізінде саханаланған "Төрткүл Ханзадасы" ертегісінде қазіргі Тараз қаласының аумағында орналасқан "Төрткүл" көне қалашығында болған оқиға баяндалады. Оқиғада ел билеушісі – Ханның ұлы Ханзаданың ел басқаруды қолына алғандағы және өзіне жар таңдаудағы дүйім жұртты таң қалдырған тапқырлығы, ақыл-парасаты ұтымды суреттеледі.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ертегі-қойылым жас көрермендер мен бүлдіршіндерді туған елі мен жерін, отанды сүюге тәрбиелеп, ата-баба аманатына берік болуға шақырады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұдан соң қойылымнан әдемі әсер алған балаларға "Наурыз думан" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мұнда Қыдыр ата, Ұмай ана, Наурызбек, Күн, Түн, Ақпан-Тоқпан кейіпкерлері кішкентай көрермендердің көңілін баурап, табиғаттың тамаша көріністерімен қызықтырды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.
Наурыз мерекесіне арналған түрлі деңгейде шараларды ұйымдастыру қала, аудандарда да жалғасуда.