Шымкентте "Дәмдәсtour" фестивалі екі күнге жалғасады
Бұл сайыс Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен "ДәмДәсTour" фестивалі аясында өтіп жатыр.
Фествальді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.
Сурет: Шымкент әкімдігі
"ДәмДәсTour" фестивалінің Наурыз мерекесінде ұйымдастырылуының өз мән-мағынасы бар. Бұл береке мен бірліктің, татулықтың, молшылық пен кеңдіктің үлгісі болатынына сенімдіміз", - деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Мұнда қаламыздың танымал 50-ге жуық тамақтану орындары — мейрамхана, кофейня, самсаханалар, фаст-фуд, балмұздақ, шайханалар қатысып, өздерінің авторлық мәзірлерін ұсынуда. Жәрмеңкенің басты мақсаты – Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде имиджін қалыптастыру.
"ДәмДәсTour II" фестивалін – үшінші мегаполистің жыл сайынғы ДӘМДІ мерекесіне айналдыру ойымызда бар. Бұл қаламыздың туризмін дамытуға оң септігін тигізеді және бұл қала кәсіпкерлерін қолдау", - дейді "Visit Shymkent"туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Айта кетейік, іс-шара екі күн өтеді. Екі күн бойы «Наурызкөже«,«Кәуап»,«Палау» және «Самса» номинациялары бойынша 50-ге жуық тамақтану орындары арасынан үздіктердің ішінен нағыз үздіктер анықталатын болады. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, келген қонақтарға қаламызда дәстүрге айналған «Шымкент шәйі» таратылады. Жәрмеңке аясында концерттік бағдарламалар, ойын-сауық және түрлі конкурстар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар ұсынылады.