Алматыда 21 наурыз күні Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Шитье корпе, корпе, ярмарка ремесленников , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 11:03 Фото: Zakon.kz
21-23 наурыз аралығында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Наурыз мерекесі аясында Абай алаңында Түркі әлемі халықтарының ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Наурыз — көптеген түркі халқы атап өтетін көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі, жаңа жылдың басталуы мен жаңару кезеңін бейнелейді. Қолөнер шеберлері дәстүрлі бұйымдарды көрсету арқылы мәдени құндылықтар мен қолөнер сабақтастығын насихаттайды.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Түркия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген қолөнершілердің бірегей туындыларымен таныса алады.

Көрме-жәрмеңкеде қонақтардың назарына Түркияның атақты керамикасы, Әзірбайжанның қолдан тоқылған кілемдері мен витражды кескіндемесі, Өзбекстанның Риштаннан шыққан көгілдір керамикасы, Тәжікстанның кестеленген бұйымдары, Қырғызстанның киіз шырдақтары, сондай-ақ, Қазақстанның текеметі, басқұры, құрақ, қыш бұйымдары, зергерлік өнері және тағы басқа көптеген бұйым ұсынылады.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласындағы Абай алаңы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: