Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда жастарға арналған мүмкіндіктер жәрмеңкесі өтті

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 20:31 Сурет: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі
21 шілде күні "Таир" сауда ойын-сауық орталығында Қарағанды әкімдігінің қолдауымен жастарға арналған түрлі бағыттар бойынша кең ауқымды консультативтік-көшпелі мүмкіндіктер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Консультативтік-көшпелі мүмкіндіктер жәрмеңкесіне Kama TyresKZ ЖШС, Qaztehna ЖШС, "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК, "Қарағанды су қоймалары" КМК, "Қазақстандық аграрлық сараптама" АҚ Қарағанды филиалы, "МӘСҚ" АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Отбасы банк" АҚ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Құрылысмет" ЖШС, Karaganda Consulting Group ЖШС, "Қарағанды-нан корпорациясы" ЖШС, Beeline компаниясы сияқты 70 жұмыс беруші ұйым, 25 мемлекеттік орган, ҮЕҰ және құқық қорғау органдарының өкілдері, "Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ-нің Қарағанды қаласының мансаптық орталығы, жастарға микрокредит беру мәселелері бойынша "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері "Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия", "Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия", "Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның қылмыстық жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия" өкілдері қатысты.

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 20:31

Сурет: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала тұрғындары шағын несиелеу бағдарламалары, грант алу, жұмыспен қамту, мәдениет спорт, денсаулық сақтау, білім беру бағдарламалары бойынша кеңес ала алды және балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңгерлердің кеңестерін алды.

Жалпы "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы аясында жыл басынан бастап 1290 жұмыс орны құрылды, онда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының бағыттары бойынша 795 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылға 40 қайтарымсыз мемлекеттік грант (400 АЕК-ке дейін – 1 380 000 теңге) беру көзделген, 30 грант берілді. Грант алғандардың ішінен 16 адам жастар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар – 2 адам.

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 20:31

Сурет: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері 13 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу кезеңінде барлығы 500-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Келушілерге 3 786-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 5 586-дан астам азамат, оның ішінде 2 051 жастар сондай-ақ, NEET санатындағы жастар қатысты, 861-ден астам адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.


Сонымен қатар іс-шарада қала жастарына "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Кәсіптік оқыту" бағдарламалары бойынша кеңес берілді. 

Сондай-ақ, жазғы маусымда Қарағанды қаласында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары қалалық штабының бағдарламалары жүзеге асырылуда, онда 14 жастан 16 жасқа дейінгі және 16 жастан асқан жастар жұмысқа орналастырылды, 1000 адам жұмыспен қамтылды.

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 20:31

Сурет: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды қаласының жас кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 2022 жылы қала әкімі 10 ісін жаңа бастаған кәсіпкерге 1 500 000 теңгеден гранттар табыс етті.

Биыл бұл жоба жалғасын табады.

Жастардың бос уақытына қатысты Қарағанды қаласында спорттық іс-шаралар өткізілетін 39 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар спортты насихаттау мақсатында 150 аула алаңында "Спорт әр аулаға" жобасы және "Қарағанды қаласында шахматты дамытудың 2023 жылға арналған бағдарламасын іске асыру" бойынша жобасы жүзеге асырылып жатыр.


Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, балалардың белсенді демалысын және олардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында "Шахтер" стадионы жазғы демалыс кезеңінде "Локомотив" спорт кешенінің базасында 140 балаларға арналған күндізгі жазғы лагерь жұмысы қайта жандандырылды. 

Қаламызда екінші жыл "Барлығына арналған өнер" жобасы іске асырылуда, жобаның басты артықшылығы-мектеп оқушылары мен колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, театрлар мен мұражайларға, концерттерге, көрме залдарына, "Сарыжайлау" кинотеатрына тегін баруға мүмкіндік жасалды. Бүгінгі таңда мәдениет орындарына келушілер саны 13 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді құрайды.

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 20:31

Сурет: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан санаттағы жастарды әлеуметтендіру үшін 200 адамды қамтитын туған еліміздің мәдениеті мен этнографиясын зерделеу бойынша Eriktilermen saiahat көшпелі экскурсиялар жобасы іске асырылып жатыр.


Қарағанды қаласы үшін ең танымал және сүйікті орын Майқұдықтағы орталық саябақ және жаңадан ашылған саябақ болып қала береді, онда әр демалыс сайын қала тұрғындары мен қонақтары үшін қарағандылықтар үшін мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Қарағанды қаласын дамытуға бағытталған осы барлық өткізілетін қалалық іс-шаралар келесі жылы Қарағанды қаласының 90 жылдығын өткізу кезінде өз жалғасын табады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: