Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда бос жұмыс орындарының ауқымды жәрмеңкесі өтті

Республика күні қарсаңындағы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 20:24 Сурет: Қарағанды қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы
Қарағанды қаласында  Республика күнін мерекелеу қарсаңында 22 қазанда Қарағанды қаласының әкімдігі "Таир" СОО-да жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бос орындар жәрмеңкесіне жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының түлектері, NEET санатындағы жастар, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа дейінгі (күміс жас)  тұрғындар  шақырылды.

Жұмыс берушілер ретінде Қарағанды қаласының 50-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдары шақырылды, олардың қатарына  Әлихан Бөкейхан атындағы аудан прокуратурасы, Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының пробация қызметінің өкілдері, Қарағанды облысының Әділет департаменті, жеке сот орындаушылары қатысып,  тұрғындарға  проблемалық мәселелері бойынша кеңес берді.

Жәрмеңкеде келушілерге 2000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылды, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 450 азаматқа кеңес берілді, оның ішінде 93 азаматқа,  сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған 12 азаматқа және алимент бойынша берешегі бар 5 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама ұсынылды, "Күміс жас", "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Кәсіптік оқыту" бағыттары бойынша кеңес  берілді.

9 айдың ішінде Қарағанды қаласында жұмыссыздықты азайту мақсатында қаланың сауда үйлерінде, мәдениет сарайларында, жоғары оқу орындарында 14 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жұмыспен қамту шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 20:24

Сурет: Қарағанды қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы

Бос орындар жәрмеңкелеріне қаланың 315-тен астам кәсіпорындары мен ұйымдары, қысқа мерзімді оқыту курстары шеңберінде кәсіптік даярлау бойынша  жұмысқа орналастыру септігін тигізетін 12 оқу орталығы қатысты. 2 950-ден астам бос жұмыс орны ұсынылып, 3528-ден астам адам,сонымен қатар  1090 жастарға бос және уақытша жұмыс орындары, белсенді жұмыспен қамту шаралары туралы ақпарат берілді.

Өткізілген жәрмеңкелерде 3 528-ден астам азаматқа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде кеңес берілді, оның ішінде 1 141-ден астам адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1021 адам қамтылды, өтініш білдірген 3 660 жастардың ішінен  ( оның ішінде "Neet"  санатындағы жастар) жұмыспен қамту шараларымен 3 124 адам қамтылды. 

Сондай-ақ, жыл басынан бері 104 грант берілді. Оның 52-сі жастар санатынан, 52-сі ХӘОТ санатынан, оның ішінде 32-сі  көпбалалы отбасылар санатынан.

"Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Ұрпақтар келісімшарты", "Күміс жас", "Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту", "Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру" бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Барлық туындаған мәселелер бойынша "Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" ММ-не  99-63-97, 99-63-94, 99-64-04 нөмірлері бойынша хабарласуға болады

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: