Қырғызстандағы сайлау: бес партияның басшылары қайта сайлау өткізуді талап етті
28 қарашада Қырғызстанда Жоғарғы Кенештің жетінші шақырылымның депутаттарын сайлау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
24.kg-нің хабарлауынша "Ата Мекен", "Реформа", "Социал-демократтар", "Азаттық", "Ұлуттар биримдиги" партияларының жетекшілері бірігіп, ортақ мәлімдеме жасады.
Аталған партия өкілдері парламенттік сайлаудың нәтижелерін мойындамай отыр. Саясаткерлер Министрлер Кабинетінің тез арада отставкаға кетуін, сондай-ақ қайтадан адал сайлау өткізуін талап етеді.
Бұл сайлауды жарамсыз деп тану керек, әйтпесе біз халықаралық аренада масқара боламыз. "Ұлуттар биримдиги" партиясының көшбасшысы Мелис Мырзакматов
ОСК сайтында техникалық ақау орын алды. Салдарынан деректер қате жарияланған. Бұған қатысты кейінірек орталық сайлау өкілдері, сайлау жүйесі бойынша екі бағдарлама — жәшіктегі дауыстарды автоматты санау жүйесі және деректер жинағын көрсету бағдарламасы әзірленгенін түсіндірді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Жоғарғы Кенешке алты партия өтеді. Олар: "Ата Жұрт Қырғызстан", "Ишеним", "Ынтымақ", "Альянс", "Бутун Қырғызстан" және "Ыйман Нұры".