ІІ Елизавета патшайымды өлтірмек болған ер адам ұсталды
Қаскөйді күзет жасағы патшайымның тынығатын жеке бөлмесіне 500 метр қалғанда ұстап алған. Ол қоршауға арқан баспалдақпен көтерілген. Ол Ұлыбритания патшайымы – II Елизаветаны өлтірмек болғанын айтқан, деп хабарлайды The Sun.
Өте өкінішті. Не істегеніме және не істейтініме де өкінемін. Елизаветаны өлтіруге тырысамын. Ұсталған қаскөй Джасвант Сингх Чайл
Белгілі болғандай, британдық монархтардың резиденциясының қоршауынан өтпес бұрын, Джасвант Сингх әлеуметтік желілердің біріне видео жүктеген. Онда ол өзінің әрекетін түсіндіруге тырысады: патшайымға жасаған шабуылы 1919 жылы Джаллианвала Багхадағы қырғын кезінде қаза тапқандар, сондай-ақ нәсіліне байланысты кемсітушілікке ұшырағандар үшін алынбақ кек көрінеді.
Одан арбалет табылды. Полиция қызметкерлерімен әңгіме барысында ол үнемі "Жұлдызды соғыстар" киносын қайта-қайта еске алып, өзін зұлым күштермен күресетін джедай деп таныстырыпты.
Джедай психиатриялық тексеруге жіберілді.