Путин мен Лукашенко келіссөздерден кейін бой жазып, хоккей ойнады
Ria_kremlin pool Telegram арнасы Ресей мен Беларусь президенттері бір командада ақ түсті киімде ойнағанын нақтылайды.
Хоккейден жолдастық кездесу Стрельндағы "Манеж" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мұз айдынында өтті.
Путин 11 нөмірін, Лукашенко 1 нөмірін тағынған.
Путин мен Лукашенко Санкт-Петербургте келіссөздер жүргізді. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Тараптар Одақ мемлекет шеңберіндегі ынтымақтастықты, санкцияларды, ТМД елдері көшбасшыларының бейресми саммитінің нәтижелерін, сондай-ақ 2022 жылы Беларусь аумағында әскери оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін талқылады.
Ойын 18:7 есебімен президенттер ойнаған команда – ақ түстілердің пайдасына шешілді.
Александр Лукашенко екі шайба соқса, оның ұлы Коля төртеуін қақпаға кіргізе алды, ал Владимир Путин ең көп гол соқты, оның еншісінде – жеті шайба.