Пентагонның басшысы коронавирус инфекциясын жұқтырып алды

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин ПТР-тест тапсырып, ол бойынша коронавирус жұқтырғаны расталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Rt.ru мәліметінше, Остин үйде демалыста болған кезде өзінен аурудың белгілерін байқап, тест тапсырған. Құзырлы ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аурудың "жеңіл белгілері" байқалады және дәрігердің ұсыныстары бойынша ем-дом алып жатыр.
Мен бейсенбіде бірқатар жұмысшыммен кездестім, одан кейін Пентагонда болмадым. Біз бәріміз бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтадық. Алдағы бес күн бойына үйде карантинде боламын. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин
Сондай-ақ, министр қазан айында қайта вакцина алғанын, бұл инфекцияны жұқтыру кезінде аурудың жеңіл өтуіне мүмкіндік беретінін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript