Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да тәрбиеші коронавирус жұқтырып, балабақша карантинге жабылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 19:22 Pixabay
Бүгін, 16 қазанда мұғалімдерден, балалардан және науқас адамның туыстарынан ПТР тест алынады.

Батыс Қазақстан облысында балабақша тәрбиешісі коронавирус инфекциясын жұқтырып, мекеме карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО бас дәрігері Мұханғали Арыспаев пандемия басталғаннан бері облыста CVI жұқтырған 6 903 адам анықталғанын, олардың 3 491-інде аурудың белгілері білінбегенін атап өтті.

- Егер соңғы 4 күнде тіркелген науқастар туралы айтатын болсақ, олардың арасында 75-80 жастағы қарт адамдар, сондай-ақ Ресейден оралған БҚО тұрғындары да бар. Бөрілі ауданындағы балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды. Мектепке дейінгі мекемеде карантин жарияланды, бүгін, 16 қазанда мұғалімдерден, балалардан және науқас адамның туыстарынан ПТР тест алынады, деп жазды "Мой город" порталы.

Ресейде инфекцияның өршуіне байланысты БҚО-ның төрт шекара бекеттерінде карантиндік шаралар күшейтіледі. Транзиттік жүктер кез-келген елді-мекенге кіргізілмейді, олар полиция патрульінің көмегімен облыс арқылы тоқтамай өткізіледі деп жоспарлануда.

Бұйрық қазір талқылануда және жақын арада көпшілікке ұсынылады.

Бас санитарлық дәрігер мемлекеттік шекарадан өту кезінде ПТР анализі нәтижелерінің көлік жүргізушілердің жанында болуы қажеттігін еске салды.

- Шекарадан өтетін жүргізушілер де тест нәтижелерін өздерімен бірге алып жүруі керек. Сынақ мерзімі - үш күн. Егер олардың мерзімі өтіп кетсе, олар тестті қайтадан тапсыруға мәжбүр болады. 6 қазаннан бастап БҚО-ға Ресейден 1200 адам келді, оның 358-сінде ПТР тестілеу нәтижелері болмаған. Олардың барлығы екі күнге карантинге орналыстырылып, анализ алынды. 8 азаматтан коронавирус анықталды. Олардың бесеуі Сырым бекетіне, екеуі Тасқала ауданына, біреуі Бөрлі ауданына келді, - деді ол.

6 қазаннан бастап ПТР-тестілеу нәтижелері жоқ 58 адам БҚО мемлекеттік шекарасынан өткізілмеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: