Темекі шегетіндер коронавирус инфекциясын көбірек жұқтырады – жапон ғалымдары

Зерттеу, темекі, ғалымдар, ковид , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 10:24 Сурет: Zakon.kz
Жапонияның Халықаралық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары жасанды тыныс алу аппаратында жатқан науқастардың арасында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші темекі шегетін ерлерде 1,51 есе және әйелдерде 1,94 есе жоғары екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

"NHK" телеарнасы хабарлағандай, ғалымдар 2021 жылдың ақпанына дейін Жапонияда ауруханаға жатқызылған 20 мен 80 жас аралығындағы 17,6 мыңға жуық індет жұқтырғандардың деректеріне талдау жасады.

Жапондық сарапшылардың пікірінше, темекі шегу жүрек пен өкпеге әсер етеді, сонымен қатар созылмалы ауруларға әкеледі, сондықтан темекі шегушілер инфекцияның ауыр зардаптарына көбірек ұшырайтынын анықтап отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: