Тонгада жанартау атқылауынан халықтың 85%-ы зардап шекті

Жанартау атқылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 14:49 Сурет: pixabay
Архипелагтан 330 км қашықтықта орналасқан Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылауы салдарынан Тонга аралдарының тұрғындарының шамамен 85% экономикалық шығынға ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz

Plus-one.ru таратқан мәлімет бойынша, «Жаңа Зеландия» радиосы жергілікті билік елді қалпына келтіруге халықаралық көмек сұрағанын мәлімдеді. Кейбір шағын аралдарда жанартау атқылауынан кейінгі цунами тұрғын үй инфрақұрылымын шайып кетті. Тұрғындар Тонгатапу архипелагының басты аралына көшірілді. Халықаралық және жергілікті телефон қызметі әлі де шектеулі. Тонга үкіметі Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маскқа Starlink спутниктері арқылы интернет байланысын қосу туралы өтінішпен жүгінді.

Аустралия мен Жаңа Зеландиядан гуманитарлық жүк тиеген бірнеше ұшақ зардап шеккен елге келіп үлгерді. Теңіз арқылы азық-түлік пен ауыз суды Жаңа Зеландия Әскери-теңіз күштерінің екі кемесі, сондай-ақ Фиджиден келген кеме жеткізді. Енді Тонгада Австралия, Ұлыбритания, Жапония және АҚШ-тың тағы бірнеше кемелері күтіп тұр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: