Еуропалық одақ отын экспортшыларынан көмек сұрады
Сурет: pixabay
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Америка Құрама Штаттары басты отын өндірушілермен арада Еуропаға, соның ішінде Украинаға тасымалды ұлғайту жайлы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Zakon.kz
ЕО қолжетімді бағамен жеткілікті тасымалды қамтамасыз ету үшін басты энергия отынын өндірушілердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды РИА Новости.
Еуропарламент төрағасы Жосеп Боррельдің айтуынша, отын тасымалы тек ЕО үшін ғана емес, Украина, Молдова және Батыс Балқан үшін де сақтандырылуы тиіс.
Ресей өзінің геосаяси ойынында бүкіл әлем бойынша энергия бағасының өсу кезеңінде Еуропаға энергетикалық ресурстар тасымалын қару ретінде пайдаланудан бас тарта қоймайды.Жозеп Боррель
Сондай-ақ ол Еуропаға энергетикалық ресурстарды жеткізу мәселесін талдау қажеттілігін баса атай келе, осы бағыттағы АҚШ-пен "стратегиялық" өзара іс-қимылға тоқталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript