АҚШ Орталық Азия елдерінің "мызғымас серіктесі" болғысы келеді – Блинкен
Сурет: Zakon.kz
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Американың Орталық Азия елдері үшін "мызғымас серіктес" болу үшін жұмыстар атқарып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Америка территориялық тұтастықты сақтай отырып, экономикалық даму өсімі мен қоғамның тұрақты дамуы үшін сол елдің өз әлеуетін әртүрлі жолдармен өрістетуге көмектеседі.
"Украина ресейлік агрессия алдында өзінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін байқатып бағуда. Әскери қызметшілер ғана емес, қоғамның өзі де Ресейге қарсы тұруда сүйеніш ететін өміршеңдігін танытуда. Бұл - азаматтық қоғамның, еркін баспасөздің бір бөлігі болып табылатын ұйымдар. Сондықтан да олар ресейлік агрессияға қарсы тұра алуда. Біздің серіктестеріміз өңірдегі адамдарға өз қоғамын анықтауға және ортақ қауіп-қатерге қарсы тұру үшін АҚШ-пен бірге жұмыс істеуге көмектесетін өміршең қоғам құруға ат салысуда. Бұл олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтауға көмектесетін мүмкіндіктерге ие аймақты қалыптастырады". Энтони Блинкен
Баспасөз мәслихатында Энтони Джон Блинкен Ресейге қарсы санкциялардың Орталық Азия елдеріне әсері туралы да айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript