Жаңалықтар тізбегі
0

Блинкен Қазақстанға Украинадағы "мызғымастық киіз үйлері" үшін алғыс айтты

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 20:40 Сурет: Zakon.kz
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанға Киев пен Бучада "украиндықтар жылынып, соғыстан шаршағанда аракідік тыныға алатын" киіз үйлерді орнатқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блинкен Қазақстан өз болашағын айқындай алатынын баса атап өтті, әсіресе қазір Ресейдің Украинаға толық масштабта баса-көктеп кіруінің бір жылдығы аталып жатқанда.

"Біз Қазақстанның 200 мыңнан астам ресейлік азаматты өзіне қабылдап әрі осы істі жалғастырып жатқанын қолдаймыз әрі алғыс айтамыз. Украинаға киім-кешек, дәрі-дәрмек, басқа да гуманитарлық көмек көрсеткені үшін, соның ішінде "украиндықтар жылынып, соғыстан шаршағанда аракідік тыныға алатын" Киевте және Бучада мызғымас киіз үйлерді орнатқаны үшін разымыз". Энтони Джон Блинкен

Ол АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформаларды қолдайтынын және оны іске асыру үшін қоғамның ел ісіне араласуы, Үкімет есебінің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, президенттік мерзімге шектеулер енгізу жағынан қосымша нақты қадамдар қабылданатынын күтетіндерін айтты.

"Бұл орайда біз Қазақстан қабылдайтын шаралар мен атқаратын жұмыстарды бақылап отырамыз. Әсіресе, адам құқығын қорғау, жемқорлықты жою мен президенттік мерзімге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларын атап өткім келеді. Бұл бағыттағы өзгерістер Қазақстанға инвестиция құюға қолайлы ел ретінде көрсетеді. Біз 1991 жылдан бері Қазақстан экономикасына 50 млрд доллардан астам ивестиция құйдық. Алдағы уақытта АҚШ-та тікелей ивестиция бағыттауға ниетті. Сонымен бірге Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуде өзіндік ерекше орны бар серіктес ел екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ядролық қарудың таралуын тоқтату, бітімгерлік операцияларға қатысу, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеудегі үлесі айрықша". Энтони Джон Блинкен

Сондай-ақ, ол Қазақстанның негізгі мына жаһандық мәселелер бойынша құнды серіктес болып қала беретінін атап өтті: кеңестік дәуірдегі зымырандарды бөлшектеу арқылы ядролық қарудың таралуын қысқарту, Ливаннан Малиге дейінгі маңызды бітімгершілік миссияларға қосқан үлесі, ғарыштық ынтымақтастық арқылы ғаламды зерттеу, 600 шетелдік террористік содырлар мен олардың отбасы мүшелерін репатациялау және оңалту шаралары. Ол Қазақстанға Орталық Азиядағы көшбасшылығы және C5+1 форматындағы министрлердің кездесуін өткізгені үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: