Энтони Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты

Қазақстан, АҚШ-тың мемлекетттік хатшысы, қонақжай қазақ елі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 09:31 Сурет: Twitter/SecBlinken
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге Қазақстан ұнағаны соншлық, ол тіпті Twitter-де лебізін қазақша білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блинкен Қазақстанға сапары ұнағанын жазды.

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осы елде өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз үшін және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ алғыс айтамын", – делінген хабарламада.

Сурет: Twitter/SecBlinken

Энтони Блинкен Астанаға 28 ақпанда ресми сапармен келген еді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Америкалық дипломатты қарсы алған мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты және көпжақты форматта үлгілі ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: