Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы санкциялардың Орталық Азияға әсері туралы айтты

АҚШ мемлекеттік хатшысы санкциялардың Орталық Азияға әсері туралы айтты Сурет: Zakon.kz
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей Федерациясына салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пікірінше, санкция ықпалын барлық ел, соның ішінде Орталық Азия да сезінеді.

"Ресей агрессиясы Украинаға ғана емес, басқа елдерге де ықпал етіп жатыр. Біз С5+1 елдеріне жаңа сауда әріптестіктерін дамытуды қолдаймыз. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен аймақ елдерімен қалай жұмыс істейтініміз туралы сөйлестік. Оған 25 миллион доллар бөлдік. Сонымен бірге жаңа жолдар мен жаңа экспорттық нарықтарды іздеп жатырмыз. Біз Ресей санкцияларының салдары қандай болатынын жақсы түсінеміз", - деп жауап берді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Сонымен қатар Энтони Блинкен "Ресей Федерациясы тарапынан Орталық Азияға қауіп төніп тұрған жоқ па?" деген сұраққа да жауап беріп, мәселеге тоқталды.

"Бізді алаңдатып отырған мәселе тек Ресейдің Украинаға агрессиясы және Ресейдің онда жасап жатқан барлық сұмдық әрекеті емес, БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына қарсы агрессиясы. Біздің принциптеріміз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған деп санаймыз. Соның ішінде Сіздің аймағыңызда да. Сондықтан барлық елдің бірігіп, Ресей агрессиясына қарсы тұруы Украинаны қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге осы принциптер үшін маңызды. Егер олар бұзылса, Ресей өз агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады. Сонда кейбір елдер Ресейге қарап, "Ресейдің қолынан келсе, біз де істей аламыз" деп ойлауы мүмкін. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Сондықтан барлық мемлекет жиналып, бұған "жоқ" деуі маңызды.Энтони Блинкен

Хатшының айтуынша, ол Ресей Федерациясының алдағы жоспарлары туралы білмейді, бірақ бәрі Украинадағы жағдайдың шешілуіне байланысты екеніне сенімді.

"Ресейдің қандай да бір идеялары мен жоспарлары туралы нақты айта алмаймын, бәрі Украинада болып жатқан жағдайға байланысты. Бірақ біз бәріміз бірге Ресей бұзып отырған принциптерді қорғауға тиіспіз және бұл бізге бейбіт өмір сүруге мүмкіндік береді".Энтони Блинкен

Энтони Блинкеннің Қазақстанға келетіні 24 ақпанда белгілі болды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: