Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Израильге барды

АҚШ-тың мемлекеттік хатсышы, Израиль, ХАМАС, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 16:37 Сурет: wikimedia
АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен елдің үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяху және басқа да саясаткерлермен елдегі қазіргі жағдайды талқылау үшін Израильге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of Israel басылымының 12 қазан күні жазуынша, Блинкеннің ұшағы Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына қонды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн қарсы алды. Антони Блинкен әуежайға жиналған тілшілердің сұрағына жауап берді.

Тель-Авивке ұшпас бұрын Блинкен Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылау үшін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Израиль президенті Исаак Герцог және басқа да саясаткерлермен кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Ол сондай-ақ АҚШ-тың палестиналық содырлармен қақтығыстарында Израильге қажетті қолдау көрсететінін ашық айтып, ХАМАС қозғалысының әрекетін айыптады.
"Мен Израильге Америка Құрама Штаттарының президенті мен Америка халқының атынан өте қарапайым және түсінікті жолдаумен барамын. Америка Құрама Штаттары Израильмен бірге. Біз бүгін де, ертең де, күнде Израиль халқымен бірге болуымыз керек", – деді мемлекеттік хатшы.
Антони Блинкен ХАМАС тарапынан кепілге алынған америкалық азаматтардың орнын анықтау және оларды құтқару үшін Израиль тарапымен ынтымақтасуға ниетті екенін білдірді. Тель-Авив сапарынан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Амманға баруды жоспарлап отыр, онда ол Иорданияның жоғары лауазымды тұлғаларымен және Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: