Түрікменстандағы сайлау – билік транзитіне қатысты сарапшылар не дейді
Бұдан бөлек, «Хроника Туркменистана» сайтында атап өтілгендей, «ұлы мақсаттарға сәйкес» Бердімұхамедов Түрікменстанның болашақ дамуы кезеңін «Қуатты мемлекеттің жаңа дәуірінің жаңғыруы» деп атауды ұсынды.
Қазір Түрікменстанда 2012 жылдың ақпан айында басталған «Қуат пен бақыт дәуірі» жүріп жатыр.
Жақында Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының сайтында мынандай мәлімдеме жарияланды:
Түрікменстан мәжілісі Милли Генгештің шешімімен Түрікменстандағы президент сайлауы 2022 жылдың 12 наурызы, сенбіге белгіленді.
Айта кетерлігі, Түрікменстан президенті жеті жылға сайланады.
Мәскеудегі Карнеги орталығының зерттеушісі Темур Умаров Sputnik радиосына кенеттен жасалған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.
Түрікменстандағы билік транзиті бүгін ғана сөз болып отырған жоқ – Бердімұхамедов өз билігін үлкен ұлы Сердар Бердімұхамедовке беруді жоспарлаған. Сыбыстарға қарағанда, президенттің денсаулығында кінәрат бар, – деді Умаров.
Гурбангулы Бердімұхамедов (Арқадағ) – Түрікменстанның 2007 жылдың 14 ақпанынан бері президенті.
Сонымен қатар Түрікменстан министрлер кабинетінің төрағасы, армия генералы атағы бар Түрікменстан қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы, ал 2021 жылғы 14 сәуірден бастап, Милли Генгештің (ел парламенті) жоғарғы палатасының төрағасы.