Футболшы 35 минуттың ішінде өз қақпасына үш бірдей гол соқты

АҚШ, Жаңа Зеландия, футбол, әйелдер арасындағы турнир, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 17:10 Сурет: pixabay
Бұл жағдай Жаңа Зеландия мен АҚШ арасындағы футболдан әйелдер құрамасы арасында өткен She Believes Cup турнирінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

Ойынның 36-минутында-ақ америкалықтар 3:0 есебімен алға шықты. Бұл үш голды да Жаңа Зеландияның қорғаушысы Мейкайла Мур соқты. Ағылшындық «Ливерпуль» сапында 2020 жылдан бері ойнап жүрген 25 жастағы футболшы «мінсіз» хет-трик жасады: оң аяғымен, басымен және сол аяғымен гол соқты және ол голды өз командасының қақпасына соқты.

Жаңа зеландиялықтардың жаттықтырушылар штабы кездесудің 40-минутында Мурды ауыстырды. Алаңнан шыққан бойжеткен көзіне жас алды. Үзілістен кейін америкалықтар есепті 5:0-ге жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: