Чехия ресейліктерге виза беруді доғарды

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 20:34 Сурет: pixabay
Чехия гуманитарлық сипаттағыны есепке алмағанда, Ресей азаматтарына виза беруді тоқтатады, - деді Премьер-министр Петр Фиала, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чехия Үкіметі гуманитарлық сипаттағыны қоспағанда, Ресей Федерациясының азаматтарына виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдады. Чехия Премьер-министрі Петр Фиала

Премьер-министрдің айтуынша, министрлер кабинеті Чехияның Карлов Варыдағы (елдің батысында) және Брнодағы (елдің оңтүстік-шығысында) Ресей Федерациясының елшіліктеріне берілген рұқсатты қайтып алу және соған сәйкес елшілік қызметкерлерінің елден кетіру туралы шешім қабылдады, деп жазады РИА Новости.

Сондай-ақ, премьер-министрдің айтуынша, министрлер кабинеті Ресейдің Санкт-Петербург және Екатеринбург қалаларындағы Чехияның Бас консулдығы қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: