Қазақстан азаматтарын тасымалдау үшін арнайы рейс Польшадан ұшып шығады

Арнайы рейс, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 23:46 Сурет: Zakon.kz
Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігі ондағы қазақстандық азаматтарды шұғыл елге қайтару үшін арнайы рейс ұшырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. Украинадағы ҚР елшілігі

Азаматтардан мүмкіндігінше 25 ақпанда Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: