НАТО-ға мүше елдердің басшылары шұғыл мәлімдеме жасады
Сурет: nato.int
НАТО-ға мүше елдердің басшылары (Солтүстік Атлантикалық Альянс) саммитте мәлімдеме жасады, олар Ресейді арнайы операцияны дереу тоқтатуға шақырды, сондай-ақ Украинаға саяси және "практикалық" көмек көрсетуден танбайтындарын да жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз қорғанып жатқан Украинаны саяси және практикалық тұрғыда ары қарай қолдай береміз және басқаларды да солай етуге шақырамыз", - деп РИА Новости НАТО мәлімдемесінен үзінді келтіреді.
НАТО төтенше жағдайларға жауап беру және Альянс аумағын қорғау үшін қорғаныс жоспарларын іске қосқанын атап өтті, өйткені олар Ресейдің Украинадағы әрекетін еуроатлантикалық қауіпсіздікке төнген ең үлкен қауіп деп санайды.
Сондай-ақ, Альянс Ресей Федерациясының іс-қимылдарына қарай өзінің тежеуші және қорғаныс стратегиясына қатысты қорытынды шығарып отыратыны хабарланды.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин өз халқына Жолдауда Донбаста арнайы әскери операция жүргізілетінін жариялады.
25 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Путинді келіссөздер үстел басына шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript