Украинада қалып кеткен қазақстандық жүк көліктері елге келе жатыр
Сурет: pixabay
Украинадан Қазақстанға бағыт алған 10 жүк көлігін Брянск облысындағы Троебортное өткізу пункті маңында Ресей шекарашылары тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүк тасымалымен айналысушы 11 жүк көлігі Украинадан шыға алмай қалды: олардың жетеуі Қазақстан азаматтары, тағы төртеуі басқа мемлекеттерден. Олар көмек сұрап Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің шұғыл желісіне хабарласқан. Дипломаттардың Ресейдің құзыретті органдарымен арада жүргізген келіссөздері нәтижесінде шекарадан өткізу мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта жүк көліктері Қазақстанға қарай бет алып келеді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР СІМ Украинадағы қазақстандық азаматтарды елге қайтаруды ұйымдастыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда, Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы арнайы рейс Алматыға келеді деп күтіледі. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 22: 35-те келіп жетуі тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript