Украиналық делегация РФ-мен арадағы келіссөздерге тікұшақпен аттанды
Бұл туралы Twitter-де Украина Президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк хабарлап, тікұшақ терезесінен түсірілген суретті де жүктеді.
Ресей Федерациясымен келіссөздерге бара жатырмыз. Тікұшақтамыз. Бірнеше сағаттан кейін бастаймыз… Михаил Подоляк
Украина делегациясының тағы бір мүшесі, «Слуга народа» билеуші партиясының парламенттік фракциясының басшысы Дэвид Арахамия Facebook-те келіссөздер барысында талқыланатын "кем дегендегі бағдарлама" гуманитарлық дәліздер тақырыбына қатысты болатынын жазды. «Одан кейінгісі жағдайға қарай», - деп қысқа қайырды ол.
Бұған дейін Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина тарапының келіссөздерге келгенде асықпайтындығы айқын деп айтқан болатын.
Келіссөздердің бірінші раунды 28 ақпанда өтті. Мәскеу мен Киев өкілдері бірқатар басым тақырыптарды белгіледі. Кездесу бес сағаттан астам уақытқа созылды, содан кейін келіссөз жүргізушілер кеңесу үшін астаналарына тарқасты.