Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей жалдамалыларға ескерту жасады, Украина мобилизациялауды бастады

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 21:50 Сурет: Украина Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жапония Украина босқындарын қабылдайды, Лавров Украина билігі шетелдіктерді елден шығармай жатқанын мәлімдеді, ал Зеленский Украина 16 мың шетелдік еріктінің алғашқы легін қарсы алатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат және экономика

  • Жапония украиндық босқындарды қабылдайды, - деді Премьер-министр Фумио Кисида. Ол Жапония алдымен өздерінде туыстары немесе достары бар адамдарды қабылдайтынын, бірақ одан бөлек "гуманитарлық тұрғыдан көмек" болатынын айтты.

  • Шетелдіктерге Украинадан кетуге рұқсат етілмейді, - деді Лавров. Сонымен қатар ол Харьковта орыс әскерлері жоқ екенін атап өтті.

  • Украина Парламентінің мамандандырылған комитеті азаматтық тұлғалардың соғыс жағдайында атыс қаруын қолдануға қатысты шектеулерді жою туралы бастаманы қолдады.

  • Ресей Федерациясында украин тарапы келіссөздердің басталуын әдейі созуда деуге негіз бар, - деді Песков.

  • Лавров: "Ресей Украинаның да, бүкіл Еуропаның да қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға дайын, бірақ "диктат" бойынша ешқандай келісім жасамайды.

  • Украина делегациясы Ресеймен келіссөздер жүргізу орнына келіп жетті.

  • Жоғарғы Рада БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардан Украинаға бітімгерлерді кіргізуді, ал БҰҰ Бас хатшысын жанжалды шешуде делдал болуды сұрады.

  • Рада Украинада әскерден қашқан және отанына опасыздық жасаған үшін өмір бойы қамауға алу туралы заңды мақұлдады.

  • Украина Ресей Федерациясымен соғыс кезінде түрл көмек түрінде 15 миллиард доллар алып үлгерді - УҰҚ басшысы Кирилл Шевченко.

  • Германияның экономика министрі: Егер Германия "Путинге зиян келтіргісі келсе", онда электр қуатын үнемдеуге көшу керек. Ол Еуропадағы ресейлік энергия ресурстарға эмбарго жариялауға қарсы екенін айтты.

Соғыс қимылдары

  • Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Луганск облысы Кременная қаласының мэрінің өлімін жанама түрде растады. Геращенконың айтуынша, мэрдің жүрегіне оқ тиген.

  • Испания Украинаға қару-жарақтың үлкен партиясын жолдады: 1,4 мыңға жуық гранатомет, мылтықтар мен пулеметтерге арналған 700 мың оқ-дәрі.

  • Зеленский "Украина алғашқы 16 мың шетелдік еріктілердің алғақшы легін қарсы алады", - деді.

  • Украинаға келіп жеткен барлық батыстық жалдамалылар әскери тұтқын мәртебесі құқығына ие бола алмайды, деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігі.

  • Рада Украина президентінің мобилизациялау туралы Жарлығын мақұлдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: