Украина мен Ресей келіссөздерінің екінші раунды басталды

Келіссөздер, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 22:00 Сурет: Twitter/Михайло Подоляк
Ресей мен Украина делегациялары Беларусьтің Беловежь орманында келіссөздердің екінші раундын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БелТА өзінің YouTube -арнасында трансляция жүргізіп жатыр.

Ресей тарапы бұған дейін әскери-техникалық, гуманитарлық-халықаралық және саяси мәселелерге қатысты үш бөлімнен тұратын ұсыныстар блогы дайын екенін мәлімдеген.

Украина тарапы атыс-шабысты дереу тоқтатып, ымыраға келіп, бейбіт тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығару гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыруды талап етуге ниетті екендерін жеткізді.

Ресей делегациясы украиндықтар залға кіріп келе жатқанда өз орындарында оларды күтіп отырды. Келіссөздер үстеліне отырмастан бұрын тараптар бір-бірінің қолын алып, амандасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: