Жаңалықтар тізбегі
0

Сауд Арабиясы Қытаймен мұнайды юаньға сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 23:52 Сурет: pixabay
Сауд Арабиясының билігі Қытай Халық Республикасынан мұнай мен мұнай өнімдерін сату бойынша мәмілелер жасасу кезінде юаньмен есеп айырысуға көшуге ниетті. Бұл туралы 15 наурызда аты аталмаған дереккөзге сілтеме жасап, Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ беймәлім дереккөз нақтылап өткендей, мұнай келісімшарттары туралы келіссөздер шамамен алты жыл бойына талқыланып келеді, бірақ қазір олар жеделдетіліп жатыр.

Мақалада Эр-Рияд Вашингтонның осы салада өздеріне берілген ұзақ мерзімді міндеттемелеріне күмән келтіреді делінген. Атап айтқанда, оларды Йемен хуситтеріне қарсы күрестегі АҚШ-тың болмашы қолдау білдіруі, сондай-ақ Ақ үйдің Иранмен арадағы ядролық келісімге оралу ниеті алаңдатады. Сондай-ақ, Сауд Арабиясын америкалықтардың Ауғанстаннан кетуі қатты қапаландырғаны айтылады.

Қытай Сауд Арабиясы экспорттайтын мұнайдың 25%-дан астамын сатып алады. Егер бұл тасымал бойынша юаньмен есеп айырысатын болса, онда мұндай сауда Қытай валютасының жаһандық жағдайын нығайта түседі.

Сауд Арабиясы күніне шамамен 6,2 миллион баррель шикі мұнай экспорттайды және осы көлемнің кем дегенде бір бөлігін юаньға сатуды бастап кетсе, бұл маңызды қадам болар еді. Әлемдік мұнай сатылымының көп бөлігі, шамамен 80% доллармен жүзеге асырылады, сол секілді саудтықтар да АҚШ валютасына сатады, 1974 жылдан бастап Никсон әкімшілігімен келісім жасалып, содан бері сауд патшалығының қауіпсіздігіне кепілдіктер беріліп, ол өз күшін сақтап келеді.

Бұған дейін Ресей мен Үндістан негізгі валюта ретінде қытай валютасын тарта отырып, рубль мен рупий бойынша есеп айырысуға көшу мүмкіндігін зерттеп жатқандығы хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: