Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті
Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Zakon.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript