Сауд Арабиясы королі жүрек тұсына қойдыртқан қондырғының батареясын ауыстыртты

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2022 22:20 Сурет: wikimedia
Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз әл Сауд ауруханаға жатқызылып, жүрегіне қойылған кардиостимулятордың батареясы ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы осы елдің мемлекеттік агенттігінің сайтында жарияланған Корольдік сарайының мәлімдемесінде айтылады.

Корольдік сарайы Эр-Риядтағы ауруханада Салман корольге бірнеше медициналық тест жасалып, оның сәтті жүргізілгенін атап өтті.

Ауруханадан шығар кезінде дәрігерлер билеушіге бірнеше күн демалуға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: