Жапонияда жер сілкініп, екі адам қайтыс болды, 120-дан астам адам зардап шекті

Жапония, жер сілкінісі, цунами, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 09:14 Сурет: pixabay
Жер сілкінісі екі миллионнан астам үйді электр қуатынсыз қалдырып, теміржол байланысын үзді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапонияның солтүстік-шығысындағы 7,4 баллдық жер сілкінісі салдарынан екі адам мерт болып, 120-дан астам адам жарақат алды, деп жазды NHK телеарнасы.

Фукусима мен Мияги жағалауында тұратын жүздеген адам басқа жерлерге эвакуацияланды.

Сондай-ақ, ғимараттардың қирағаны мен өрттер туралы хабарламалар түскен. Жер сілкінісі екі миллионнан астам үйді электр қуатынсыз қалдырып, теміржол байланысын үзді

Тохоку Синкансэн жүрдек пойызы Фукусима мен Широисидзао станциялары арасындағы рельстен шығып кетті. Борттағы 75 жолаушы мен экипаждың үш мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Шығыс жапон теміржол компаниясы 17 вагонның 16-сы рельстен шығып кеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін метеорологтар жер сілкінісінен кейін Жапонияда цунами қаупі туралы ескертіп, тұрғындарды жағалауға жақындамауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: