Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Еуропалық одақ Киевке құпия ақпараттар беруге келісті

Украина, Еуропалық одақ, НАТО, Ақ үй, Польша Сурет: president.gov.ua
АҚШ президентінің кеңесшісі Джейк Салливан алдағы күндері Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтатынын, ал ЕО Украинамен құпия ақпаратты, оның ішінде спутниктен түсірілген суреттерді Киевке беруге мүмкіндік беретін келісімді мақұлдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Дания украиндық босқындарды кіріктіруден бас тартты. Ел премьер-министрі: «Мүмкіндік туған кезде сіздер елге оралып, туған жерді қалпына келтіруге көмектесулеріңіз керек» деді.

  • Ақ үй алдағы күндері АҚШ Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар туралы мәлімдеме жасайтынын айтты.

  • Ресейлік журналист Александр Невзоровқа қатысты Ресей Қарулы күштері туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

  • Ресей Сыртқы істер министрі Украинамен келіссөздер күрделі болып жатқанын, Киев тарапы ұстанымын ұдайы өзгертіп отырғанын айтты. Сондай-ақ егер НАТО Украинаға бітімгершілік күштерін жіберетін болса, бұл Ресей Қарулы күштері мен альянс арасында тікелей қақтығысқа әкеп соқтыратынын атап өтті.

  • Польша 45 ресейлік дипломатты елден шығарып жатыр.

  • Ақ үй Қытайдың Украинада Ресейге көмек көрсетіп жатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Америка Құрама Штаттары Қытайдан Ресей Федерациясына әскери техника жеткізу белгілерін байқаған жоқ», – деп мәлімдеді президент кеңесшісі Джейк Салливан.

  • ЕО Украинамен құпия ақпаратты, оның ішінде спутниктен түсірілген суреттерді Киевке беруге мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады.

  • НАТО ондаған мың украиндық сарбазды дайындады әрі оларды майдан шебінде соғысу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етті – Йенс Столтенберг.

  • «Альянс Украинаға әскер жібермейді», – деді ұйымның бас хатшысы Польшаның НАТО бітімгершілік күштерін Украинаға жіберу туралы ұсынысына түсініктеме бере отырып.

  • Украинаның НАТО-ға мүше болуы туралы мәселе альянс саммитінің күн тәртібінде жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: