АҚШ Киевке қысым жасауға ниетті емес, Түркия С-400-ді Украинаға бермейтін болды

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 23:56 Сурет: mil_ru
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Германия, Австрия және Венгрия Ресеймен арадағы сауда-саттық қатынастарды үзуге қарсы болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды, өйткені "өз азаматтарының ресейлік газсыз тоңып қалуына жол бере алмайды" және С-400 әуе қорғаныс кешендерін Украинаға бермейді, - деді президент Ердоған.

  • Польша премьері: Германия, Австрия және Венгрия Ресеймен арадағы сауда-саттық қатынастарды үзуге қарсы.

  • Ресейдің Бірінші арнасының бұрынғы қызметкері Овсянниковқа қатысты Қарулы Күштердің беделін түсіргені үшін жаңа хаттама толтырылды.

  • Ресей мен Украина келіссөздерде екінші кезектегі мәселелер бойынша ұстанымдарда өзара сөз табысуда, бірақ басты саяси мәселелер бойынша іс бір орнында тұралап тұр – Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Мединский.

  • Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан АҚШ Ресей Федерациясымен қандай да бір келісімдерге баруы үшін Киевке қысым жасауға ниетті емес екенін айтты.

  • РФ Қарулы Күштері Украинадағы операция кезінде 1351 әскери қызметшісінен айырылды, 3825 адам жарақат алды, деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.

  • Франция мен Мексика 29 наурызда Украинадағы гуманитарлық жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: