Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңесте дауыс беру құқығынан айырылды
Осы сипаттағы қарарға 93 мемлекет қолдап, дауыс берді. Қарсысы — 24. Қалыс қалғандары - 58, деп хабарлайды ТАСС.
Құжатты қабылдау үшін отырысқа қатысушылардың үштен екісі дауыс беруі қажет болды. Қалыс қалуға шешім қабылдағандар ескерілмеді. Барлығы "иә" немесе "қарсы" деген шешімді 117 делегация таңдады.
Қарсы дауыс бергендер: Қазақстан, Қырғызстан, Алжир, Беларусь, Боливия, Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Қытай, Конго Демократиялық Республикасы, Куба, Солтүстік Корея, Эритрея, Эфиопия, Габон, Иран, Лаос, Мали, Никарагуа, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Вьетнам, Зимбабве.
БҰҰ қарар қабылданған соң Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі орнын сақтап қалатынын, бірақ дауыс беру және сөз алу құқығынан айырылатынын жеткізді.
Ең бірінші болып америкалық сенаторлар Ресейді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен (БҰҰ АҚК) шығару туралы бастама көтерді.