Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта ашылды

ұшақ, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 15:57 Сурет: Zakon.kz
Ираннан Қазақстанға әуе рейстері жанданып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 20 сәуірден бастап ирандық "Kish Air" әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: