Швейцария саяхатқа байланысты шектеулерді алып тастайды

Швейцария, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 12:46 Сурет: unsplash
Швейцария екі жыл бұрын, пандемия болмай тұрып қолданыста болған визалық тәртіпке қайта оралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 мамырдан бастап Швейцария бұрынғы виза ережелеріне қайта оралады. Швейцарияның көші-қон жөніндегі мемлекеттік хатшылығының сайтында айтылғандай, елге кірген кезде туристерден COVID-19 вакцинациясының құжаты мен тест нәтижесі талап етілмейді.

Ал қазіргі кіру шектеулері 2 мамырдан бастап жойылады. Осы күннен бастап тұрақты кіру ережелері қолданылады, деді агенттік.

Швейцария 1 сәуірден бастап отандық анти-COVID шараларынан бас тартты. Қоғамдық көліктер мен дүкендерде бетперде режимі алынып тасталды. Ел тұрғындары мен қонақтары дәмханаларға, мейрамханаларға, театрлар мен мұражайларға емін-еркін бара алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: