Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей 15 шілдеден бастап коронавирусқа байланысты шекаралық шектеулерді алып тастайды

ресей ковидке қатысты шектеулерді алып тастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 14:59 Сурет: pixabay
15 шілдеден бастап Ресей COVID-19-ға байланысты шекарадан өтуге енгізілген шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Ресейге жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабта мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, штаб Беларусь Республикасының азаматтары үшін Ресейге әуе арқылы келген кезде COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижелерін беру туралы талапты жою туралы шешім қабылдады. Тиісті өзгерістер Роспотребнадзор басшысының қаулысына енгізіледі.

Бұған дейін 14 маусымнан бастап шетел азаматтарының Ресейге әуе және теңіз бақылау бекеттері арқылы кіруіне қойылған шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: