Ресейде 9 мамыр күні ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Ресей, 9 мамыр, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 09:21 Сурет: pixabay
Кемеров, Воронеж, Түмен облыстары, Ямало-Ненецк автономиялық округі, Пермь өлкесі, Тыва аумақтарында бұл тыйым қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамырда Ресейдің барлық аймақтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу ұсынылды, шектеулер федералды деңгейге дейін жетуі тиіс, деп жазды РИА Новости.

Мемлекеттік Думаның депутаты Султан Хамзаев Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің губернаторларына сауал жолдады.

Саясаткер атап өткендей, мереке күндері ішімдік ішу жанжалға, төбелес пен пышақтасуға ұласады. Хамзаевтың айтуынша, бұл бастама денсаулықты зиянды әдеттерден қорғауға да бағытталған.

Депутат бірқатар облыстар, соның ішінде Кемеров, Воронеж, Түмен облыстары, Ямало-Ненец автономиялық округі, Пермь өлкесі, Тыва өңірлері бұл тыйымды қабылдағанын атап өтті.

Мәскеу, Тверь, Смоленск, Иркутск, Иванов, Свердлов облыстары нормативті актілер енгізіп, мереке күндері алкогольді сатуға тыйым салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: