Францияда жасөспірімдерге пышақ сатуға тыйым салынады

Францияда жасөспірімдерге пышақ сатуға тыйым салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 11:06 Сурет: pixabay
Францияда кәмелетке толмағандарға пышақ сату заңмен тыйым салынатын болады. Бұл шешім Ножан коммунасында 14 жастағы оқушы колледж қызметкерін өлтірген қайғылы оқиғадан кейін қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Radio France Internationale мәліметінше, бұл туралы Франция премьер-министрі Франсуа Байрудың кеңсесі хабарлаған.

Жаңа жарлыққа сәйкес, "D санатындағы суық қару" тізімі кеңейтіледі. Бұл тізімге "қару ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген пышақ" енгізіледі. Бұған дейін бұл санатқа тек "пышақтар мен қанжарлар" ғана кіретін.

Францияның ішкі қауіпсіздік кодексі бойынша, мұндай қарулар кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салына отырып, жалпы сатылымда болуы мүмкін.

Франция президенті Эммануэль Макрон суық қару саудасын реттейтін ережелерді күшейтуге шақырды.

"Жасөспірімнің көшеде немесе мектепте суық қарумен жүруі – бұл ата-аналар мен сатушылардың жауапкершілігі", – деді президент.

Бұған дейін АҚШ-та жағаға шығып кеткен алып ақ акуланың жұрттың зәресін алғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: