14 жастағы оқушы музыка пәнінің мұғаліміне пышақ салды

14 жастағы оқушы музыка пәнінің мұғаліміне пышақ салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 12:07 Сурет: pexels
24 қыркүйекте Францияда оқушы музыка пәнінің мұғаліміне пышақпен шабуыл жасап, жарақаттады. Күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Barron's басылымының жазуынша, Франциядағы орта мектептердің бірінде 14 жастағы оқушы сабақ кезінде мұғалімді бет тұсынан пышақпен жарақаттаған. Шабуылдан кейін мұғалім ауруханаға жеткізілді.

Күдікті қашып кетуге тырысқан, бірақ көп ұзамай ұсталды. Ұсталу кезінде ол өзін-өзі де жаралап үлгерген, сондықтан ол да ауруханаға жеткізілді.

Францияның білім беру министрі Элизабет Борн оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шұғыл әрекет ету бөлімшесі іске қосылғанын мәлімдеді.

Жергілікті жандармерия күдіктінің ниеті әзірге белгісіз екенін хабарлады. Білім басқармасының өкілі оқушының үлгерімі нашар болғанын және мектеп ұжымы көмек көрсету үшін жұмылдырылғанын айтты.

Бұған дейін Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: