Павлодарда сыныптасы мен мұғаліміне шабуыл жасаған оқушы үйқамақта отыр

Павлодарда сыныптасы мен мұғаліміне шабуыл жасаған оқушы үйқамақта отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 20:25 Сурет: primeminister.kz
Павлодарда сыныптасы мен мұғаліміне шабуыл жасап, жарақаттаған оқушы үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы pavlodarnews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап жазды.

"2024 жылғы 13 мамырда Павлодардағы №14 орта мектебінің оқушысының сыныптасы мен мұғаліміне шабуыл жасау фактісі бойынша облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1), 14) тармағымен кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген облыс прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дүйсекеновтің жауабында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы қалған деректер жария етілмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: