Павлодарда жүргізуші бағдаршам мен жол белгісіне соғылды
Сурет: pixabay
Павлодарда жүргізуші бағдаршам мен жол белгісіне соғылды. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кешкі 17:00-де Назарбаев даңғылы, 89 үйіне қарама-қарсы жерде Фольксваген және Лада приора маркалы автокөліктер соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Лада приора көлігі бағдаршам, жол белгісіне және қоршауға соғылды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді". Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көліктер айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript