Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 23:34 Сурет: astanatv
Қызылордалық оқушы сыныптасына пышақ сұғып алды. Оқиға қаладағы №217 орта мектепте болған, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқушылар арасындағы жанжалдың неден басталғаны әзірше белгісіз. Сабақ арасында үзіліске шыққан 11-сынып оқушысы сыныптасын үш жерден пышақтаған. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді. 

"Пышақтың тиген жері - сол иығы, сол кеуде тұсы және сол саны. Зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізілді. КТ түсірілді. Кеуде клеткасын, ішкі құрылысын УЗИ-ге түсірдік. Балада сыртқы тері қабатының зақымдалуы көзге түсті. Соған байланысты өңделіп, тігіліп, баланы амбулаториялық бақылауға үйіне жіберілді".  Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Зоя Көшенова

Оқушының пышақты мектепке қайдан, қалай әкелгені белгісіз. Ал білім бөліміндегілер жарақаттың пышақтан болғанын жоққа шығарып отыр.

"Қалалық білім бөлімі және облыстық білім басқармасы тарапынан жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүрзіліп жатыр. Суық қару қаруды ешқандай мектепке алып келмеген. Жеңіл дене жарақаты темір тектес үшкір затпен жасалған".  Қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Самат Күнқоджаев

Күдікті жасөспірім қазір үйінде. Құқық қорғау орындары оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады. 

"Облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқушылар өзара жанжалдасып, салдарынан олардың біреуі пышақ жарақатын алды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды".Қызылорда полиция басқармасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: