Жаңалықтар тізбегі
0

G7 елдері өз мойындарына Ресей мұнайынан бас тартуға міндеттеме алды

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 14:50 Сурет: pixabay
G7 елдері Ресейден, ең алдымен мұнай мен газ түріндегі энергия ресурстары импортынан біртіндеп бас тартуға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үлкен жетіліктің" басшылары Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен өткен бейнеконференцияның қорытындысы бойынша тиісті мәлімдеме жасады, делінген Ақ үй таратқан ақпаратта.

АҚШ пен Еуроодақ Ресей Федерациясына қатысты қосымша шектеу шараларын іске асыруға ниетті.

Бұл Путин экономикасының басты артериясына қатты соққы беріп, оны әскери операцияны қаржыландыруға қажетті пайдадан айырады.

Сонымен қатар, АҚШ 8 мамырда Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді.

Ақ үй бұл шаралар "Ресей экономикасының барлық салаларына — қаржы, сауда, қорғаныс, технология және энергетикаға айтарлықтай әсер ететініне және уақыт өте келе қысымды күшейте түсетініне" бек сенімді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: