Жаңалықтар тізбегі
0

Заңгер кеңесі: тауардан немесе онлайн тапсырыстан қалай бас тартуға болады

Онлайн сатып алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 12:52 Сурет: Zakon.kz
Adilzanger компаниясының кеңесшісі Жасұлан Айтмағанбетов интернет арқылы сатып алған тауардан қалай бас тартуға және жарамсыз өнімді қалай қайтаруға болатынын Zakon.kz-ке айтып берді.
Қашықтан тапсырыс берілген тауардан ол жеткізілмей тұрып кез келген уақытта бас тартуға болады. Сатушы оны алуды талап ете алмайды. Тіпті тапсырыс беріліп қойса да, өнім жеткізу бөліміне жеткен болса да оны алуды талап ете алмайды.Заң кеңесшісі Жасұлан Айтмағанбетов

Заңгердің айтуынша, Азаматтық кодекстің 452-бабына сай сатушы тауарды сатып алушыға жеткізген сәттен бастап қана шарт орындалды деп есептеледі. Тіпті тауар жеткізілгеннен кейін де Азаматтық кодексінің 454-бабы 14 күнде тауарды айырбастауға, қайтаруға (кей тауарларды қоспағанда) мүмкіндік береді.

Қайтаруға және айырбастауға болмайтын тауарға мыналар жатады:

  • дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары;

  • ішкиімдер;

  • шұлықтар;

  • жануарлар мен өсімдіктер;

  • өлшеп сатылатын тауарлар. Атап айтқанда талшықтардың барлық түрінен жасалған мата, трикотаж және перде матасы, жасанды тері, кілемдер, тоқыма емес материалдар, ленталар, шілтер, тоқыма бау, кабельдер, линолеум, багет, пленка, клеенка;

  • ұялы байланыс абонент құрылғысы.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, тұтынушы сатып алу фактісін дәлелдесе, тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге ​​тиіс. Жасұлан Айтмағанбетов

Тауарды сатушыға қайтару үшін не істеу керек?

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңда егер тауар алушыны қандай да бір себептермен қанағаттандырмаса, 14 күнде тауарды айырбастау немесе қайтару мүмкін екені айтылған. Бірақ ол үшін тауар не өнім пайдаланылмауы керек. Сонымен қатар тауарды сатып алғаныңызды көрсететін дәлел болуы қажет.

Сатушы айырбастаудан немесе қайтарудан ауызша бас тартса, онда 14 күнде жазбаша түрде өтініш берілуге тиіс. Шағым электрон түрде де берілуі мүмкін.

Заң талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне, одан кейін сотқа жүгінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: