Жаңалықтар тізбегі
0

eGov.kz порталында донорлықпен келісуге немесе одан бас тартуға болады

almaty.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 17:55 almaty.tv
Органдарды алуға келісімді ресімдеуге немесе бас тартуға мүмкіндік беретін қызмет әзірленді.

eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет қол жетімді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызметті алу үшін "электрондық үкімет" порталында, "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторлану қажет, "Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі Пайдаланушы өтініш түрін таңдайды: "Келісімді қайтарып алуды тіркеу" немесе "Келісімді тіркеу".

"Ағымдағы жылдың мамыр айында заңға түзетулер енгізілді, ол халық арасында үлкен қолдау тапты. Бүгін халықтан алынған кері байланысты ескере отырып, органдарды алуға келісімді ресімдеуге немесе бас тартуға мүмкіндік беретін қызмет әзірленді. Бұрын бұл үшін Сіз тіркелген емханаға барып, өтініш жазу қажет болатынсыз, қазір – үйден шықпай – ақ рәсімдей аласыз", - деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Келісімді тіркеген жағдайда, пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар, олар eGov.kz порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: