Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант берді

Корея президенті, Корея, президенттің ұлықтау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2022 10:50 Сурет: Instagram/sukyeol.yoon
Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёл 48,56% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юн Сок Ёл ант қабылдап, Корея Республикасының президенті қызметіне кірісті, деп жазды ТАСС.

Президенттің ұлықтау рәсімі жоспарланғандай жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00) басталды.

Салтанатты шараға 40 мыңға жуық адам шақырылды.

Юн Сок Ёл штаб бастықтарының біріккен комитетінің өкілдерімен кездесуден кейін түн ортасында президенттік қызметін бастады.

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёл 48,56% дауыс жинап жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан Ли Чжэ Мён 47,83% дауыс жинады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: