Жаңалықтар тізбегі
0

«Газпром» Финляндияға газ тасымалдауды тоқтатты

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 14:51 Сурет: pixabay
Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартқан болатын. Поляктың PGNiG және Болгарияның "Булгаргаз" компаниялары да осындай ұстанымда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газпром 21 мамырдан бастап Gasum компаниясы рубльмен төлем жасаудан бас тартуына байланысты Финляндияға газ айдауды тоқтататынын жеткізді, деп хабарлайды "Московский Комсомолец".

"Газпром экспорт" 2021 жылы Gasum компаниясына 1,49 миллиард текше метр газ тасымалдады, бұл көлем Финляндиядағы газ тұтынысының 2/3 бөлігін құрады.

Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартып, "Газпромды" сотқа беретінін хабарлады. Поляктың PGNiG және Болгарияның "Булгаргаз" компаниялары да дәл осылай әрекет етті. Салдарынан "Газпром" Польша мен Болгарияға да газ тасымалдауды тоқтатты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: