Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде Би-2 тобының концерті өтпейді

Семейде Би-2 тобының концерті өтпейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 09:15 Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семей әкімдігі ресейлік Би-2 тобының бұған дейін жоспарланған концертінің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының әкімдігі танымал ресейлік Би-2 тобының 21 маусымға жоспарланған концерті болмайтыны туралы хабарлама таратты.

"Құрметті отандастар! Табиғи өрт кезінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты, сондай-ақ облыс жұртшылығының өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" МКҚК жоспарланған "Би-2" ресейлік музыкалық тобының концерті болмайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін өнерпаздар Алматы және Астана қалаларының алаңдарында өнер көрсеткен болатын. Топтың солистері Қазақстанға гастрольдік сапарға шығар алдында концерттен түскен барлық қаражатты зардап шеккен аймаққа көмектесу үшін Семейге аударатындарын мәлімдеген.

Абай ауданында 8 маусымда өрт шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт «Семей орманы» табиғи резерватының 60 мың гектардан астам орманын шарпыған. Өртті сөндіру кезінде 14 адам қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: