Ресейде t.A.T.u. тобының концерті болмайтын болды
Сурет: Instagram/t.a.t.u_official
Бірнеше рет кейінге шегерілген концерт ақыры мүлде болмайтын болды. Бұл туралы топ мүшелері 26 тамызда әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
Бастапқыда концерт 7 маусымда "Нагорный" спорт сарайында өтуі тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар себептерін түсіндірместен, шараны кейінге қалдырды. Кейін концерттің жаңа алаңда 27 тамызда өтетіні белгілі болды.
"Яндекс Афиша" платформасында билеттердің бағасы 6 549 рубльден басталған. Ал балкондағы ең қымбат орындардың бағасы 15 049 рубльге дейін жеткен.
Концерттің неліктен тоқтатылғаны әзірге айтылған жоқ. Билет сатып алған көрермендерге ақшасы белгіленген тәртіппен қайтарылатыны хабарланды.
Сондай-ақ америкалық рэпер Канье Уэстің Санкт-Петербургтегі концертіне қатысты жағдай да әзірге белгісіз.